БІРЫҢҒАЙ ҚОР ТУРАЛЫ

 

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры 2012 жылы құрылған және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес жұмыс істейді.

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 382 бұйрығымен бекітілген Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорды құру және жүргізу қағидасымен анықталған.

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорды ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүргізеді. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорға техникалық қызмет көрсетуді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ШЖҚ РМК (ҚазСтИн) жүзеге асырады (Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 30-од бұйрығы, 2013 жылғы 20 мамырда № 265-од бұйрығымен өзгеріс енгізілді).

Негізгі мақсаты – кең ауқымды пайдаланушыларға нормативтік техникалық құжаттардың қол жеткізімділігін қамтамасыз ету және пайдаланушыларды толық, нақты және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат таратудың бірыңғай электрондық жүйесін қалыптастыру.

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорды құрып жинақтау көзі нормативтік техникалық құжаттарды бекітетін мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар болып табылады.

Мыналарды жүзеге асырады:

•              ұлттық және мемлекетаралық стандарттар макетін, ай сайынғы және жыл сайынғы сілтеуішлер макетін құру және оларды басып шығаруға дайындау;

•              стандарттау жөніндегі құжаттарды ресми басып шығару;

•              қағаз және электрондық ақпарат тасығыштарда стандарттау жөніндегі ресми жарияланған құжаттарды тарату;

•              стандарттар ісін сақтау;

Басып шығарады:

•   Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар ( ГОСТ, ГОСТ ISO, ГОСТ IEC, ГОСТ ISO/IEC, ҚР СТ ISO/IEC, ҚР СТ  ISO, ҚР СТ IEC және т.б.);

•    Ұлттық жіктеуіштер (ҚР ҰЖ);

•    Ай сайынғы ақпарат сілтеуіштері (САС);

•    Жылдық сілтеуіштер: Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар сілтеуіші, Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар сілтеуіші, жойылған және ауыстырылған стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар тізілімі.